364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспийдегі браконьерлікке қатысты 4 мың құқық бұзушылық анықталған

  • 193
  • UPD: 23:31, 07.08.2018

Жайық-Каспий бассейніндегі бағалы балық қорын қорғау Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жүктелген.

Өткен екі жылда инспекция қызметкерлері браконьерлікке қатысты 4 мың құқық бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде балық қорына заңсыз қол сұғушылардан мемлекетке 125 миллион теңге кіріс түсіп, 58 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бірлескен іс-қимылдың арқасында су айдындарында тәртіп орнап, балықтардың байырғы өрісіне жол ашылды.

Данияр Баймағамбетов, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы:

- Өткен екі жылда броконьерлерден 11 мың дана балық аулауға тиым салынған ау-құралдар мен 600-ден астам жүзу көліктері тәркіленді. Нәтижесінде биыл тұңғыш рет Жайық өзенінің Индер ауданы тұсынан шоқыр шабақтары көрінді.

Инспекция қызметкерлері бағалы бекіре тұқымдастардан өзге балық түрлерінің өсіп жетілуін де қадағалайды. Әсіресе, жаз айларында өзендерден бөлініп қалған су айдындарындағы шабақтарды құтқару кешенді қолға алынған.

Жанайым Мизамбаева, ихтиолог:

- Биыл Жайық-Каспий бассейні бойыншаі бекіре тұқымдас балық түрлерінен басқа жайын, сазан, көксерке сынды балық шабақтарының 12 млн 950 шабақ құтқарылып, Жайық және Қиғаш өзендеріне жіберілді.

Жайық, Қиғаш өзендеріндегі көктемгі және күзгі балық аулау маусымы кезінде балықшы кооперативтеріне бөлінген квотаны игеру де балық қорғау инспекциясының құзырында. Теңіз бен өзендердегі балықтардың негізгі өрсітерін қорғау, тартым учаскелеріндегі жұмыстарды жүйелеу де кезек күттірмейтін іс. Балық қорын қорғаудағы осындай кешенді шаралар арқасында өткен жылы Атырау балықшылары бөлінген квотаның 87 пайызын игерді. Бұл соңғы 8 жылда қол жеткізілген ең үлкен көрсеткіш болып отыр.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Осы категория бойынша: « Еліміздегі дизель отынның бағасы нарыққа байланысты реттеліп отырады Астанадағы қоғамдық көлік жұмысы көңіл көншітпей тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы