364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы қоғамдық көлік жұмысы көңіл көншітпей тұр

  • 220
  • UPD: 23:32, 07.08.2018

Астаналық тұрғындардың қоғамдық көліктердің жұмысына көңілі толмайды. Себебі автобустар уақытылы қатынамайды.

Аялдамада күте-күте табанын тоздырған жұрт, осы мәселенің шешілуін сұрайды.

Бас қаланың тұрғындары қоғамдық көліктен көрі діттеген жеріңе жаяу тез жетесің деп қапалы. Себебі автобусқа міне қалу оңай шаруа емес бүгінде. Қоғамдық көлік уақытылы жүрмейді. Кешігіп келеді. Тіпті күте-күте сарғаятын кезіміз де болады дейді бұқара. 

БЛИЦ:

- 52-ні екі сағат болды күткеніме. Енді бері қарай шықтым 32-ге мінейін деп. Автобусты ұзақ күтеміз.

- 14, 40-автобусты 25 минут күттім. Келмеген соң жаяу кеттім. 

- Саранда деген қалашықта, сол жағалауда тұрамын. Онда тек екі ғана автобус қатынайды. 19 және 52. 52-автобусты бір сағат күттім. 

Бұл мәселенің бір ұшы ғана. Жолаушылар соңғы уақытта жүргізушілердің ашулы болатындығын байқаған. Әрине олар кондукторсыз өздері төлем қабылдап, кеңес беріп, тіпті жаңа нұсқаулық бойынша адамдардың қоғамдық көлікке мініп-түсуін қадағалайды. Сондай-ақ жолаушыны діттеген жеріне уақытылы әрі қауіпсіз жеткізуі тиіс. Ал «Астана ЛРТ» өз кезегінде бұл мәселенің шешілуіне тек уақыт керек дейді. 

Науат Азанбаева, «Астана LRT» ЖШС баспасөз хатшысы:

- Бұл кезең-кезеңімен жүзеге асатын үдеріс. Аз ғана уақыт күтсек, қоғамдық көлікте жоғары деңгейлі қызмет көрсетуге қол жеткіземіз. Себебі мамандар біліктілігін арттырып жатыр. Айлық жалақылары 300-400 мың болғанда, жүргізуші мамандығына сұраныс тіпті арта түспек. 

Ал жолақысы 90 теңгеден 180 теңгеге бір-ақ секірген қоғамдық көліктерде әзірге әлеуметтің көңілінен шыға қояр жаңалық болып тұрған жоқ. Үдерістің қанша уақытқа созылатыны, жалақының қашан көтерілетіні әлі белгісіз. «Астана ЛРТ» компаниясы бұған автопарк иелері жауапты дейді. Оларға бүгінде жаңа талаптар қойылған. Субсидия алғысы келсе  жүргізушілерді штатқа жұмысқа алып, тиісті жалақысын төлеуі тиіс. 

 Авторлары: Жансұлу Дүйсенәлі, Марат Диханбаев, Ербол Даиров

Осы категория бойынша: « Каспийдегі браконьерлікке қатысты 4 мың құқық бұзушылық анықталған Астанада қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалдаушылар табысын жасырып келген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы