368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада наноматериалдар мен қуат сақтау жүйелеріне арналған конференция өтуде

  • 159
  • UPD: 14:47, 08.08.2018

Қазақстандық нанотехнологтар халықаралық сауда нарығында ірі өндіріске ие компаниялармен бәсекелесуден бұрын отандық тың технологияларды экономикалық тұрғыда тиімді ұсына білуі қажет.

Бүгін Астанада наноматериалдар мен қуат сақтау жүйелеріне арналған 6-халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясында қазақстандық ғалымдар осындай пікір білдірді. Екі күнге жалғасатын жиын Назарбаев университетінде өтіп жатыр. Онда озық тәжірибеге ие отандық және шетелдік зерттеушілер бас қосып, саланы дамыту бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды. Бәрі де болашақтың энергиясын қалыптастыру бағытындағы ойларымен бөлісіп, ұзақ мерзімге жарамды әрі тасымалдауға қолайлы батарея мен аккумулятор жасап шығару идеяларын ортаға салды. Меймандардың пікірінше, бұл – Қазақстан үшін маңызды тақырып.

Осы категория бойынша: « Астанада роботтар балы өтіп жатыр Қарағандыда тау-кен құтқарушыларының көпсайысы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы