365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында Өлкетану оқулығы жарық көрді

  • 383
  • UPD: 13:36, 08.08.2018
Ақмола облысында Өлкетану оқулығы жарық көрді

Ақмола облысында 5 автор бірлесіп 1 жылдың ішінде Өлкетану оқулығын жазып шықты.

Олардың бірі филолог болса, екіншісі тарихшы. Мәдениет саласының қызметкері де бұл игілікті іске өз үлесін қосқан. Оқу-әдістемелік әмбебап кітап әзірге баспаханада жатыр. Жақын күндері қолданысқа беріледі. 5, 6 және 7 сынып оқушыларына арналған 20 курстық оқулық 4 рет сараптамадан өтіпті. Мұнда өңірдің тарихы мен географиясына қатысты мәліметтер жинақталған. Бұдан бөлек облыстың дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалар туралы ақпарат бар.

Айта кетейік,  5-7 сыныптарға арналған Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті, География мен Музыка пәндерін оқыту бағдарламасына Өлкетану курсы енгізіледі. Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылады.

Шағбан Бектасов, оқулық авторы:

- Оқушыларға қызықты етіп жасауға тырыстық. Оқушылар қолына алған кезде өзіне жаңа білім, жаңа ақпарат, барлық өздері білетін деректерді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретіндей деректер жинадық. Екіншіден, сол деректердің жадында сақталып қалуы үшін оңай орындалатын тапсырмалармен қамтамасыз еттік. 5 автор 1 жыл бойы талмай еңбектенді. Өздерінің білгендерін, жиған-тергендерін ортаға салды.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында былапыт сөйлеген мәдениет бөлімінің басшысы жұмыстан қуылды Әулиеата жерінде мәдениет үйлері тұрғызылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы