368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 88 шетелдік телеарна көрсетілмейтін болды

  • 551
  • UPD: 20:56, 08.08.2018

Қазақстанда 88 шетелдік телеарнаның жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі олардың тіркелгені туралы куәліктерін қайтарып алды.

Бұл туралы министр Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың 9 қаңтарында күшіне енген «Теледидар және радио хабарларын тарату туралы» заңға сәйкес Қазақстан аумағында хабар тарататын барлық шетелдік ақпарат құралдары елімізде өз өкілдіктерін ашуы тиіс еді. Әзірге өзге мемлекеттің 219 телеарнасы бұл талапты орындады. Ал қалған 88 арнаға қатысты министрлік ел аумағында хабар таратуды тоқтатуды қарастыратын бұйрықтар әзірлеген.

Михаил Комиссаров, ҚР АКМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары:

- Бұл телеарналар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінен біржола кетеді дешен сөз емес. Егер олар Қазақстан аумағында жұмыс істеуге мүдделі болса, тиісті органға қайтадан тіркелулері қажет. Қазір телерадио таратушы операторларға бізде өкілдіктерін ашпаған телеарналардың көрсетілімін тоқтату бойынша нұсқау жібердік. Заңға сәйкес операторлар бұл талапты 15 күннің ішінде орындаулары тиіс.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында көпір пайдалануға берілді Түркістандық диқаншылар 374 мың тонна өнім жинауды мақсат етіп отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы