374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысы ҰБТ қорытындысы бойынша 90,96 балл жинады

  • 138
  • UPD: 18:06, 08.08.2018
Павлодар облысы ҰБТ қорытындысы бойынша 90,96 балл жинады

Павлодар облысы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 90,96 балл жинады. Бүгінде мемлекеттік білім грантына ие болған түлектердің саны да белгілі болды.

Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Павлодардағы №14 мектептің түлегі Карина Кононенканың қуанышында шек жоқ. Ол 2015 жылы ауыр науқасқа шалдығып, мүгедек болып қалған еді. Екі жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болған қайсар қыз білімнің биік шыңын бағындыруға бар күш-жігерін жұмсапты. Аурухана қабырғасында жатқанда шет тілдерді үйренген. 16 жасында тізе буынын алмастыру үшін операция жасатқан Карина ҰБТ нәтижесі бойынша білім грантына ие болып отыр. Оған Инновациялық Еуразия университетінен ұсыныс түскен.

Карина Кононенко, білім грантының иегері:

- Өз қалауым бойынша аудармашы мамандығын таңдадым. Бұл мамандыққа жастайымнан ұмтылған едім. Неміс, ағылшын тілдерін үйрендім. Бірақ болашақта ағылшын, қытай тілдерінен аудармашы болуға бел буып отырмын.

Әсия Қасымқанова, мектеп директорының орынбасары:

- Ол тыңғылықты дайындалды. Біздің ұстаздарымыз өткізген сабақтарға қатысып, қосымша репетитордың көмегіне жүгінді. Нәтижесін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Біз қуаныштымыз.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында жаңадан 4 мектеп ашылады Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы