369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда балабақшадағы бос орындарды бөлумен автоматты жүйе айналысады

  • 153
  • UPD: 18:41, 08.08.2018

Қазір электрондық үкімет бағдары бойынша қолданысқа берілетін арнайы портал әзірленіп жатыр.

Бұл үшін бөбекжай кезегінде тұрған ата-аналар жеке кабинеттер жасақтайды. Жүйе бойынша балабақшада орын босағаны жөнінде тұрғындарға ақпарат жіберіліп отырады. Қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне порталға кіруге шектеу салынған. Қазақстаннің бірнеше қалаларында балабақша кезегі дәл осындай автоматты жүйе арқылы шешімін тауып отыр.

Василий Цымбалюк, қалалық білім бөлімінің басшысы:

-Біз бұл жаңашылдықты алғаш қолға алмасақ та, жүйелі жүзеге асырғандар қатарындамыз. Біріншіден «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, толық күшіне енді. Оның үстіне бұл автоматтандыруға арналған мемлекеттік қызмет түріне жатады. Сондықтан осы жүйені енгізу үшін облыстық бюджеттен 24 миллион теңге бөлінді.

Осы категория бойынша: « Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды Петропавлдық бүлдіршінге нақты диагноз қойылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы