374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында таулы алқап әлі өртеніп жатыр

  • 216
  • UPD: 22:07, 08.08.2018

Жамбыл облысындағы таулы аймақта өрт шыққанына бүгін төртінші күн.

Алматы қаласынан тікұшақ та көмекке келген. Сол арқылы 24 тонна су себілді. Өртпен күреске 177 адам мен 25 арнайы техника жұмылдырылған.

Еске салсақ, Жамбыл облысының Ақыртас ауылдық округінің Қырғыз республикасымен шекаралас аумағындағы өрттің шығуына құрғақ шөптің тұтануы себеп. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 200 гектар жерді шарпыған. Өкініштісі, өрт сөндіру кезінде Ақыртөбе орман шаруашылығының орманшы қорықшысы таудан құлап, қаза болғанын бұдан бұрын да хабарлағанбыз. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, кеше кешкілік жаңбыр жауып, отты бөгеуге септігін тигізген. Бірақ әзірге өртті толық сөндіру мүмкін болмай тұр.

Осы категория бойынша: « Елімізде соңғы екі аптада сыбайлас жемқорлыққа қатысты 61 дерек тіркелді Қарағандыда жаңа магистраль салу үшін ағаштарды кесуге тура келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы