368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл қажылыққа елімізден 3 мың адам аттанады

  • 203
  • UPD: 22:49, 08.08.2018

Ертең жерлестеріміздің алғашқы легі Меккеге жол жүреді. Барша мұсылмандар үшін маңызды парызды қадағалау және ұйымдастыру үшін 14 адамнан тұратын қажылық миссия құрылды.

Олардың қатарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, дәрігерлер, журналистер және Қоғамдық даму министрлігінің мамандары бар. Сондай-ақ ел азаматтарына қызмет көрсететін 18 туристік компания бекітілді. Қандастарымызды қасиетті орынға екі әуе компаниясы тасымалдайды. Биыл ұшақтар Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан аттанады. Бұдан бөлек, жиын барысында қажылық парызын өтейтіндерге екпе егу маңыздылығы да талқыланды. Вакцина құны 28 мың теңге. Өз кезегінде мамандар ел азаматтарының екпе қабылдаумен қатар қажылық кезінде қажет болатын дәрі-дәрмектерді де ұмытпауға кеңес береді.

Серікбай қажы Ораз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

-Біз өз тарапымыздан имамдарымыз мен теологтарымызды жіберіп отырмыз. Олар жетік діни білімді азаматтар. Еркін араб тілінде, өзімізден тілде және бірнеше тілде сөйлей алады және бір ерекшелігі, Қазақстан қажыларының киімі 18 фирманыкі 18 түрлі болмайтын болды. Барлығының киімі бірдей.

Осы категория бойынша: « Атырау облысында созылмалы ауруларды бақылаудың жаңа бағдарламасы енгізіле бастады Оралда озық идеялар сайысының жеңімпаздары анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы