364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жоғарғы сот пен Қоғамдық даму министрлігі меморандумға қол қойды

  • 198
  • UPD: 15:18, 09.08.2018

Елімізде соңғы жылдары азаматтық даулардың қатары артып отыр.

Осыдан бес жыл бұрын бұл бағытта 1 млн іс қаралса, бүгінде олардың саны 3 миллионнан асып жығылады. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамда белең алған даулы мәселелерді сотқа дейін жеткізбеу үшін медиация институтын дамыту керек. Осыған орай Жоғарғы сот пен Қоғамдық даму министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ендігі кезекте еліміздің әрбір өңірінде татуласу орталықтарын ашу көзделген. Бүгінде пилоттық жоба негізінде 6 орталық Ақтөбе, Қызылорда, Алматы және батыс аймақтарда өз қызметін бастады.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

- Сот деген ешкімнің көңілін аямайды. Өйткені сот деген бір тараптың пайдасына шешуге мәжбүрлі. Сосын жеңілген тарап ол бүкіл мемлекетке өкпелейді. Өйткені шығынға батады, мемлекеттік бажды төлеу керек. Заңгерлерді, адвокаттарды жалдау керек. Сосын жүйке жұқарады.

Дархан Кәлетаев, ҚР қоғамдық даму министрі:

- Әрине сіздерге бүгінгі таңда соттың шешімін шығарып, тек қана заң жағынан қарап өз жұмыстарыңызды атқарып отыруға болады. Оған қарамай қазақ халқы мейірімді халық қой, сотқа жеткізбей шешудің жолы осы медиация институты. Елбасымыз соттан тыс институттарын дамытуға жолға қойған.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында болған жүк пойызы апатының нақты себебі анықталды Ақтөбеде салынатын жел станциялары электр қуатын тасымалдайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы