367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік студент қыз сөмкесі ұрланғаны жайлы жалған ақпарат берген

  • 220
  • UPD: 18:02, 09.08.2018
Семейлік студент қыз сөмкесі ұрланғаны жайлы жалған ақпарат берген ypravo.com

21 жастағы семейлік студент қыз орталық полиция бөліміне өзін тонап кеткені жөнінде арыз түсірген.

Оның сөзінше, автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп тартып алған. Ал сөмкеде 200 мың теңге мен банк карточкасы болыпты. Полицейлер жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, бұл ақпараттың қып-қызыл өтірік екенін анықтаған. Сөйтсе арыз беруші бұл қаржының бәрін керегіне жаратып қойыпты. Қазір Қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Авторлары: Руслан Шақабай, Болат Көкенай

Осы категория бойынша: « «Қазақстандық брендтер» атты кітаптың екінші саны жарық көрді Түркістан облысында кәсіпкер жерлестеріне арнап спорт алаңын салды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы