365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында кәсіпкер жерлестеріне арнап спорт алаңын салды

  • 157
  • UPD: 17:48, 09.08.2018
Түркістан облысында кәсіпкер жерлестеріне арнап спорт алаңын салды

Түркістан облысында жерлестерінің чемпион болғанын қалайтын қалталы азамат өз қаржысына спорт алаңын салып берді.

Шымкенттің жас аяқдопшылары енді жаңа заманауи алаңда доп тебетін болады. Абай ауданына қарасты Жиделі елді мекенінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорт нысаны бой көтерді. 85 миллион теңге қаражатқа салынған жабық кешенде жылдың 4 мезгілінде спортпен шұғылдануға болады. Қазір бұл нысан ауыл балаларының да жиі келетін орнына айналды. Ал спорт мектебінің оқушылары аптасына 4 рет осында жаттығу жасайды.

Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі:

- Мемлекет пен жеке әріптестік арасында осындай шағын спорт кешендерін салу, оны ұйымдастыру. Әр үйдің ауласында балалар ойнайтын шағын алаңдар салу жөнінде жоспарлар жасалынды. Келешекте осы жастарымызға спорт алаңшарын салып, оларды спортқа баулуға көңіл бөлуіміз керек.

Осы категория бойынша: « Семейлік студент қыз сөмкесі ұрланғаны жайлы жалған ақпарат берген Ақтау саммиті қарсаңында қалада жаяу жүргіншілер жолы төселді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы