374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік шаруалар егін жинау науқанын бастады

  • 169
  • UPD: 10:26, 10.08.2018
Ақтөбелік шаруалар егін жинау науқанын бастады

Ақтөбе облысының шаруалары егін жинау науқанын бастады. Егіні мол Мәртөк ауданының диқандары гектарынан орта есеппен 7 центнерден өнім алып жатыр.

Әзірге санаулы ауданның шаруалары ғана егінге орақ салды. Қалған аудандар тамыздың орта тұсында бастайды. Облыс биыл 443 мың гектар жерге дәнді-дақыл ексе, оның 15 мың гектары орылды. Егін жинау науқанына қажетті техниканың 98%-ы бар. Биыл 8 жарым мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен беріледі. Оның 3 мың тоннасы шаруаларға жеткізілді.

Қаршыға Шүкірәліқызы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы:

- Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арзандатылған жанар-жағармай алып отыр. Яғни оның бағасы 162 теңге. Нарықтағы бағаның құны 182 теңге литрі болса, біздің мемлекет тарапынан берілген жанар-жағармай 11%жеңілдетілген. Егін жинау науқаны аяталғаннан кейін біз келесі жылға дайындықты бастаймыз. Жерді қопсытумен қатар күзге дақылдарды егу басталады.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық жүздеген компания мен банктер хакерлер құрбанына айнала жаздады Пайдаланылмай жатқан жерлер шаруашылықтарға берілуі тиіс »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы