365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар 11 тамызда Күннің тұтылуын тамашалай алады

  • 669
  • UPD: 15:03, 10.08.2018

Тамыздың 11-інде Күн тұтылады. Астрономиялық құбылысты, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары тамашалай алады.

«Күннің тұтылуы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 3.31-де минут кеткенде басталады», - дейді астрофизик мамандар. Осылайша, ай көлеңкесі күннің бетін 23%-ға жауып, бұл шамамен 1 сағат 20 минутқа дейін созылады.

Айта кеткен жөн, дәл осындай құбылысты қазақстандықтар осыдан үш жыл бұрын тамашалаған екен.

Андрей Солодовник, астрономия ғылымдарының доценті:

- Осы аралықта сәулелердің белсенділігі өте жоғары болады. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармау керек. Құбылысты арнайы құрылғының, не болмаса, қоңыр әйнектің көмегімен тамашалау керек. Өйтпеген жағдайда көз жанарын зақымдап алуға болады.

Осы категория бойынша: « Семей тұрғындарына жылу ақысы қайта есептеледі БҚО-да алаяқтықпен айналысқан Өзбекстан азаматына 35 қылмыстық іс қозғалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы