371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Сырға толы саяхат» квест ойыны басталды

  • 298
  • UPD: 14:15, 10.08.2018
Алматыда «Сырға толы саяхат» квест ойыны басталды

«Сырға толы саяхат». Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осындай атпен квест ойыны басталды.

Іс-шараны «Алматы қаласының музейлер бірлестігі» ұйымдастырып отыр. Оған шаһардағы бес музей кіреді. Квестке қатысушылар әр нысандағы мәдени бағдарламалардың куәгері болады. Қала тарихы мен музей экспонаттары туралы сұрақтарға жауап беріп, әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Атақты тұлғалардың өмір жолымен танысады. Жалпы квест ойындарының тақырыбы темір дәуірінен бастап бүгінгі кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Іс-шара 15 тамызға дейін жалғасады.

Қайрат Тарбаев, «Алматы қаласының музейлер бірлестігі» директорының орынбасары:

- Бұл ойынымыздың ең негізгі мақсаты – бұл Алматы қаласының тарихын балалардың жадына құю. Солардың бойында қалаға деген, қаланың көшелеріне, қаланың тарихына, қаланың белгілі адамдарының тарихына деген қызығушылықты оятып, жүректеріне махаббат ұялату.

Осы категория бойынша: « Солтүстікқазақстандық жас кәсіпкер мүгедектерге арнайы құралғы жасап шығарды Түркістанда заңсыз құрылыстарға қарсы күрес белсенді жүріп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы