374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдықтар жылуға 415 миллион теңге берешек

  • 179
  • UPD: 15:31, 11.08.2018

«ҚазТрансГазАймақ» мекемесі 1 тамыздан бастап Орал жылуэлектр орталығын көгілдір отыннан ажыратты.

Қала тұрғындары жаз басталғалы осымен үшінші рет ыстық сусыз қалды. Оған жылумен қамтушы кәсіпорынның табиғи газ үшін қордаланған қарызы себеп. Ал «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы газ тасымалдаушыларға 151 млн теңге төлеуі тиіс. Бұл көрсеткіш жылу маусымының соңында 1 миллиард теңгеден жоғары болатын. Мамандардың мәлімдеуінше, берешекті толық жауып тастауға кәсіпорынның дебиторлық қарызы мүмкіндік берер емес. Оралдықтар жылуға 415 миллион теңге берешек. Оның 200 миллион теңгесі бойынша сот шешімі шыққан. Ал қалған қарызды қайтару мақсатында әр күн сайын 10 бригада үй-үйді аралап, тұрғындармен тілдесуде. Алайда бұл жұмыстың нәтижесі баяу. Мәселен, соңғы аптада тек екі миллион теңге төленген.

Динара Сисалиева, коммуналдық мекеменің бөлім басшысы:

- Абоненттер өз мүмкіндігіне қарай түрлі сомада берешектерін  төлеп жатыр. 500 теңгеден бастап 4 мың теңгеге дейінгі аралықта. Ең үлкен мөлшердегі бережағы 965 мың теңгеге жетеді. Тұтынушыға қатысты сот орындау парағы қолымызда. Зейнеткер болғандықтан ай сайын оның зейнетақысынан белгілі сома ұсталады.

Осы категория бойынша: « Сырбойылықтар ауылдағы мектеп құрылысына алаңдаулы СҚО-да жел электр станциясы іске қосылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы