374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да жел электр станциясы іске қосылады

  • 171
  • UPD: 15:13, 11.08.2018
СҚО-да жел электр станциясы іске қосылады

Солтүстік Қазақстан облысында баламалы қуат көздерін өндіретін жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.

Өңірдегі Новоникольсое селосында жел электр станциясы салынып жатыр. Осыдан біренше жыл бұрын мұнда төрт бірдей жел генераторы орнатылған болатын. Енді тағы екеуі іске қосылмақ. Өндірістік қуаты сағатына – 2 мегаватт. Ал жоба құны – 330 миллион теңге. Монтаждау жұмыстары аяқталған соң, станция облыстың жалпы энергия жүйесіне қосылады.

Иван Зенченко, кәсіпкер:

- Осыған дейін орнатқан төрт турбина өз-өзін толығымен ақтап шықты. Өйткені Солтүстік Қазақстанда желдің жылдамдығы жақсы. Сәйкесінше қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Сондықтан тағы да екеуін орнатып жатырмыз. Ал қондырғыларды Германиядан әкелдік.

Осы категория бойынша: « Оралдықтар жылуға 415 миллион теңге берешек «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жетістігі мен кемшіліктері талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы