368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан «Теңіз кубогы - 2018» байқауында екінші орынды иеленді

  • 204
  • UPD: 18:30, 11.08.2018
Қазақстан «Теңіз кубогы - 2018» байқауында екінші орынды иеленді

Қазақстандық теңіз әскері Әзірбайжанда өткен «Теңіз кубогы - 2018» жарысында екінші орынды иеленді.

Бұл шараға қазақстандықтар 4-ші рет қатысты. Осы жылдың үздігі Ресей командасы, ал үшінші орынды Әзірбайжан мен Иран құрамалары өзара бөлісті.

Айта кеткен жөн, жарыс «Халықаралық әскери ойындар» аясында ұйымдастырылды. Мұнда әскери ептілік пен біліктілік сыналып, қатысушылар кемелерді жылдам басқару және артиллерия атысы бойынша өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар мен ұйымдастырушылар «жылда өткізілетін теңіз кубогы Каспий маңы мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, теңіздегі қауіпсіздікті күшейтеді», - дейді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан спортшылары ауада және суда ату бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Қанат Ниязбеков, I дәрежелі капитан, Қазақстан құрамасының жетекшісі:

- Қазақстан Республикасының әскери-теңіз күштері өздерін жақсы көрсетті. Судағы мина жарысы бойынша біз үздік нәтиже көрсеттік. Ауада ату бойынша да жақсы көрсеткішке қол жеткіздік. Қатысушылардың әскери ептілігі пен біліктілігі байқалды.

Осы категория бойынша: « Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға адвокаттық қызмет тегін ұсынылуы мүмкін Жаңаөзендегі жол апатынан зардап шеккендерге 20 млн теңге бөлінеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы