387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 386
  • UPD: 23:00, 11.08.2018
Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды Optimizm.kz

Қазақстанның үш облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК жолдаған мәліметке сай 12 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл, бұршақ күтіледі. Астана қаласында 12 тамызда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі; солтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Дауылды ескертудің дөп келу ықтималдылығы 85-90 % Одан бөлек, 12 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сондай-ақ Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, тәулік бойы, кей жерлерде солтүстік-батыстан, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Дабылды ескертудің дөп келу ықтималдылығы 90-95 %.

Хабар 24 телеарнасы