374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея Елшісі үйлену тойына қазақтың шапанын киіп барды

  • 615
  • UPD: 10:13, 12.08.2018
Оңтүстік Корея Елшісі үйлену тойына қазақтың шапанын киіп барды

Астанада Оңтүстік Корея елшілігінің қызметкері тұрмыс құрды.

Оның корейлердің дәстүрлі үйлену рәсімін жасау туралы ұсынысын күйеу жігіт қуана қолдаған. Мұндай әсерлі рәсімді ұйымдастыруға Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында орналасқан «Досан» дәстүрлі корей этикеті орталығы көмектескен.

Корей халқында неке жаңа өмірдің бастауы болып саналады және оған асқан жауапкершілікпен қарайды. Ұзақ әрі мәнді ғұмыр сүрсін деген ниетпен той дастарханына тауық пен әтеш қояды. Талшын мен құрма мұрагердің ақылды я тәрбиелі болып өсуіне деген үмітті білдіреді. Сондай-ақ үстелде ұзақ жұбайлық ғұмырды білдіретін көп жылдық өсімдік тұруы тиіс. Тазалық пен адалдықтың белгісі ретінде бамбук қойылады. Күріш амандық пен ырыс-несібені білдіреді. Бата ретінде балауыз шам жағылады.

Барлық қонақтар тойға корейдің ұлттық киімі ханбокты киіп келді. Тек Қазақстандағы Оңтүстік Корея Елшісі Ким Дэ Сик пен оның әйелі қазақтың ұлттық киімімен келді.

«Маған қазақ мәдениеті ұнайды. Қазақ пен корей мәдениеті қатты ұқсайды. Менің бүгінгі киімім қазақ мәдениетіне деген алғыс пен құрметімді білдіреді», - деді елші журналистерге берген сұхбатта, - «Жақында Мәжіліс депутаты Роман Ким маған қамшы сыйлады. Үнемі көш алдында жүруімді, қазақ-корей достығын нығайта беруімді тіледі. Қамшы көшбасшылық қасиетті білдіреді екен. Мен үшін бұл сыйлық өте құнды. Одан бөлек үйімде Айша бибі кесенесінің үлгісі бар», - деді Елші.

inform.kz

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде оқушыларға тегін оқулықтар үлестіріледі Тараздағы саяжай тұрғындары жарықсыз отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы