365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздағы саяжай тұрғындары жарықсыз отыр

  • 249
  • UPD: 11:59, 12.08.2018

Тараз қаласының іргесіндегі «Бақшашы» тұтыну кооперативі бір аптадан бері жарықсыз отыр.

«Лето» саяжай алқабының төрағасы трансформатордың шамасы жетпейді деп,,, 60 үйді электр қуатынан ажыратқан. Күннің аптап ыстығында азық-түліктері бұзылып, өркениеттен ада болған тұрғындар біздің арнаға шағымдарын жеткізді.

Осылайша қынжылған 4 баланың анасы Ардақ Дәукенова азық-түліктің барлығын қоқысқа тастадық дейді. Қуат көзінен қағылған олар, кеш батса болды отбасымен, жалғыз сығырайған балауыз шамды жағалап, күнелтуге мәжбүр.

Егізбай Айханов, «Бақшашы» тұтыну кооперативінің тұрғыны:

- Қалаға тиіп тұрмыз, осы қатар біздің  қаланың пропискасы былай айтқанда, ал енді мынау жолдың арғы жағында  ол массив дачный участок «Лето» дейді. Олар біздің қолданып отырған енді светымызды уақытша берді, енді қиып тастады да не қаладан ала алмаймыз светты, не олардан ала алмаймыз.

«Бақшашы» кооперативі көрші «Лето» саяжайынан электр қуатын алып, ақшасын да уақытылы төлеп келген. Алайда саяжай басшысы Алексей Манаковтың айтуынша, «Бақшашылықтар» өздеріне жеке шағын электр стансасын орнатуы керек. Өйткені ол тұрғындар саны көбейген саяжайды жарықтандыруға электр трансформаторының қауқары жетпейді деп отыр.

Алексей Манаков, «Лето» тұтыну коперативінің төрағасы:

- Менде  400 отбасы тұрады, оларды электрмен қамтамасыз етуге тоқ көздерінің шамасы жетпейді, тіпті кіржуғыш машинесін тартпайды, басында ол жер қосылғанда небәрі 3 үй болған, қазір 60-қа жуықтады.

Қадырбек Деметбаев, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Саяжайдың төрағасымен кездесіп, бұл кісілердің өздері осы саяжайға бөлек транформаторлық станция алу керек болатын. Осы саяжайдың басында жеке кәсіпкер  өзіне автомобиль жөндейтін цех ашқан. Сол жерде өзінің үлкен күшті қуаты бар трансформатор қойған,ол кісімен біз келісіп, келістіріп халықпен сол жерден ала тұруға толық мүмкіншілігі бар.

Қырмызы Жексенбек, тілші:

- Бақшашы ауылының тұрғындарының мәселесін шешуге мынандай трансформатор қажет. Оның ең арзаны шамамен 1 миллион теңге тұрады. Алайда 60 үйлі қараша халықтың бұл қаражатты жинауға қалтасы көтермей отыр.

Күнқияш Қалиева, «Бақшашы» тұтыну кооперативінің тұрғыны:

- Біздің ақша жинауға да бұлардың шамасы жоқ, баллардың әрқайсысына қазір 40-50 мыңнан ақша, киім керек.өздері полядан зорға тауып жүр нандарын+ Біз қаладан свет алуымыз керек боп тұр. Балаларымыз оқушы, ертең екі жетіден кейін оқу басталады. Балаларымызды қалай жібереміз?

Бақшашылардың басты талабы электр жарығын ел қатарлы тікелей қалаға, яғни электр таратушы компанияға қаратып, соларға төлем жасау. Алайда бұл армандарының орындалуына бір, екі жылдай уақыт қажет. Өйткені үлкен трансформатор орнату 2019 жылға жоспарланыпты.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Ахан Әбілқайыр, Руслан Ахатілла

Осы категория бойынша: « Оңтүстік Корея Елшісі үйлену тойына қазақтың шапанын киіп барды Баянауыл ауданындағы зейнеткерлер таулы жерге көкөніс өсірді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы