367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда көпқабатты үйлер жаңартылады

  • 163
  • UPD: 18:57, 13.08.2018
Оралда көпқабатты үйлер жаңартылады

Орал шаһарының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының игілігін көріп жатыр.

Бағдарлама басталғаннан бері облыс орталығында көп қабатты 94 тұрғын үй жөнделген. Биыл да 4 үйдің жеделсатысын жаңартып, 5 үйдің шатырын жаңғырту жоспарланған. Күні бүгін тұрғындармен төртжақты келісімшарт жасасып, қажетті лифтілерге тапсырыс берілген. 5 үйдің үшеуінде құрылыс қызу жүріп жатыр. Бұл жұмыстарға қала қазынасынан 125 миллион теңге қарастырылған.

Асхат Шадияров, қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- 80-90 жылдары салынған үйлерді жөндеу жұмыстары қажет екенін түсініп, тұрғындардан осы бағдарлама арқылы өздерінің тұрғынжайларын жөндетуге көптеп өтініштер түсіп жатыр. Орал қаласы бойынша 1210 көп қабатты тұрғын үй бар, оның жартысынан көбі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында Степногорск-Бестөбе тас жолы жөнделеді Қостанай облысына мектеп оқулықтары уақытында жеткізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы