368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық кәсіпкер қараусыз қалған көлде балық шаруашылығын дамытпақ

  • 183
  • UPD: 15:52, 13.08.2018
Павлодарлық кәсіпкер қараусыз қалған көлде балық шаруашылығын дамытпақ

Павлодар облысында қараусыз қалған көлді қамқорлыққа алған кәсіпкер балық шаруашылығын дамытпақ.

Осыдан екі жыл бұрын ол өзі тұратын Луганск ауылының жанындағы көлді жалға алған. Аумағы 7 гектар жерді алып жатқан су қоймасының айналасын қоршап, далада бей-берекет ағып жатқан артезиан суларын көлге бұрыпты. Осылайша, іскер азамат ағасымен бірге көлді толтырып, балық өсіретін деңгейге жеткізді. Одан кейін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бір жарым миллион теңге несие рәсімдеп, Қарағандының балық тәлімбағынан тұқы балықтарының тұқымын алып көлге жіберген. Сол кездегі шабақтардың салмағы бүгінде бір келіге жуықтады. Жергілікті базарлар мен дүкендерде сатылып жатыр. Ал көлді күту жұмысы жыл бойы жүргізіледі. Кәсіпкер енді көлдің айналасын абаттандыруды көздеп отыр.

Валерий Сарайкин, кәсіпкер:

- Біз қазір тағы да мемлекеттің көмегіне жүгінеміз. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша грант алып, балықшылар отыратын күркелер мен қайық тоқтайтын пирстер орнатамыз. Сонда табиғат аясында демалып, балық аулауға қолайлы болады. Күркелер жаңбыр жауып кеткенде қалқа болады.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысына мектеп оқулықтары уақытында жеткізіледі Қыпшақтар қатысқан шайқас күні Грузияда атап өтілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы