374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында «Хабар» Агенттігінің тілшілер қосыны ашылды

  • 275
  • UPD: 20:16, 13.08.2018

Енді бұл өңірден тілшілеріміз Жандос Жұмабек пен Николай Путиллин және оператор Ерболат Әбішов көрермендерге тың ақпарат жеткізіп отырады.

Ал жаңадан құрылған облыс орталығы  «Көне Түркістан» жобасымен дамитын болады. Сондай-ақ Түркістан қаласының шығыс бөлігінен жаңа қалашық салу үшін 670 гектар жер бөлінді. Мұнда жаңа әкімшілік-іскерлік орталық бой көтереді. Көп қабатты тұрғын үйлер де салынады. Осы жаңарған, жаңғырған шаһардың әрбір сәті біздің меншікті тілшілердің де ұдайы назарында болмақ.

Жандос Жұмабек, меншікті тілші:

- Көрермендерге айтарымыз, жаңадан құрылған Түркістан облысындағы әрбір өзгеріс, жаңалық, экономикалық-саяси, мәдени, әлеуметтік барлық саладағы жаңалықтар біздің назарымызда болады. «Хабар» және «Хабар24» телеарнасын әрдайым қарап жүріңіздер.

Осы категория бойынша: « Қыпшақтар қатысқан шайқас күні Грузияда атап өтілді Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы