374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы денсаулық сақтау мекемелері интернетпен толық қамтылады

  • 217
  • UPD: 22:19, 13.08.2018
Жамбыл облысындағы денсаулық сақтау мекемелері интернетпен толық қамтылады

Жамбыл облысында 406 денсаулық сақтау мекемесі бар, олардың 86 проценті интернетпен қамтылған.

Бұл көрсеткішті толықтыру үшін облыстық бюджеттен 152 миллион теңге бөлініп, тиісті құрал-жабдықтар алынып жатыр. Қазір номері 5-қалалық емханаға 26 компьютер сатып алынды. Енді мекеме толығымен компьютермен жабдықталып, электронды сандық жүйеде жұмыс істеуге көшкен. Мұндағы 106 білікті дәрігер 62 мың адамға қызмет көрсетеді. Ақ халаттыларды үйге шақырту, қабылдауына жазылу, науқастың сараптама қорытындыларын зертханаға жолдау электронды түрде іске асырылады. Бұның ұтымды тұсы - дәрігерлер қағазбастылықтан арылып әрі жұмыстары жүйеленіп, жеделдей түседі.

Рахат Аймырзаев, дәрігерлік кеңестің комиссия төрағасы:

- Науқастың толық мәліметтерінің бәрі электронды түрде компьютерге кіргізіліп, сонымен қатар бұның тиімділігі яғни лабораторлық-инструменталды тексеру жүргізу кезінде және де басқа да мамандарға жолдану кезінде барлығы цифрлы штрих код арқылы келесі маманға жолдану арқылы жылдам түрде жүргізіліп отырады.

Осы категория бойынша: « Алакөлдегі туризмнің дамуы үшін 12 млрд теңге бөлінеді Степногорск қаласында болашақ кәсіпкерлерге арналған орталық ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы