365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада адамды ажалдан құтқарған Ұлттық ұлан сарбазы марапатталды

  • 216
  • UPD: 23:47, 13.08.2018

Ұлттық ұлан мен Астана қаласы Ішкі істер басқармасы бейбіт күннің батырын марапаттады.

Денис Яковлев өз басын тәуекелге тігіп өзгенің өмірін құтқарған. Оған «Құқықтық тәртіп әскеріне 25 жыл» төсбелгісі тағылды.

Естеріңізге сала кетейік, 5573 әскери бөлімшесінің ефрейторы Денис Яковлев  8 тамыз күні таңғы жаттығу кезінде, суға батып бара жатқан адамға көмек қажет екенін естиді. Судағы адамның тірі екенін байқасымен, тартынбастан суға сүңгіп кеткен. Сөйтіп, жапа шеугішіні жағаға жеткізіп, жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Ал Денис құтқарған адам қазір ауруханаға жатыр. Өміріне ешқандай қауіп жоқ. 

Денис Яковлев, Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің қызметшісі, ефрейтор:

- Суға түскенде аздап қорықтым. Өйткені көл көзге кішкентай болып көрінгенімен терең екен. Бірақ өз-өзімді қолға алып, қорқынышымды жеңдім. Бірақ мен бұл ісімді батырлық деп санамаймын. Менің орнымда кез келген адам тәуекелге барады деп ойлаймын. Судағы адамды көріп маған айтқан және жедел жәрдем шақыру үшін телефонын берген барлық адамға алғыс айтамын. Олар болмаса судағы адамды көрмеуім де, құтқара алмауым да мүмкін еді.

Осы категория бойынша: « Степногорск қаласында болашақ кәсіпкерлерге арналған орталық ашылды Ақтөбе облысында 200 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы