364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 200 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

  • 227
  • UPD: 07:12, 14.08.2018
Ақтөбе облысында 200 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр Baq.kz

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілер жетіспейді.

Бүгінде әр салада 200 маманның орны бос тұр. Мысалы, 1098 рет жарияланған конкурстың жартысына жуығына бірде-бір үміткер қатыспапты. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін 100 адамның алпысы арнайы сынақтан өтпей қалған. Көбі өз қызметіне қатысты заңнамаларды білмейді. Жалпы, осы жылдың өткен мерзімінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2 мың заңбұзушылық тіркелген. Бұлар – негізінен қажетсіз құжаттарды сұрату және құжат рәсімдеу мерзімін негізсіз созу деректері. Арнайы тексеру кезінде 18 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Олардың ісі облыстық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

Мейрамгүл Бейбітова, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі:

- 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында әдеп жөніндегі кеңеспен 5 отырыс өтті, онда 29 іс қаралды. Оның 10-ы – тіртіптік істер, 10 тәртіптік істің бесеуі әдеп нормаларын бұзу болса, бесеуі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар. Осы 10 тұлғаның төртеуіне сөгіс, алтауына мемлекеттік қызметке толық сәйкес емес деген тәртіптік жаза ұсынылды.

Осы категория бойынша: « Астанада адамды ажалдан құтқарған Ұлттық ұлан сарбазы марапатталды Қызылорда облысында сапасыз қызмет көрсеткен медициналық мекемелер айыппұл төледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы