365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жыл басынан бері мыңнан астам әйел отбасында жәбір көрген

  • 127
  • UPD: 14:04, 14.08.2018

Бұл құзырлы органдарға арызданғандары ғана.

Ал шынайы көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін. Сондықтан соңғы жылдары аймақта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған орталықтар ашылып жатыр. Солардың бірі жақында ғана Степногорск қаласында іске қосылды. Мұнда қазір 4 ана мен 10 бала қамқорлыққа алынған. Аталған әлеуметтік мекеменің мамандары оларға психологиялық көмек беріп қана қоймайды, құжаттарын реттестіріп, жұмыс табуына жәрдемдеседі. Баласына қарап қажет жағдайда баспаналы болуын қамдайды. Бұл орталыққа жәбір көрген әйелдер аймақтан ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінен келе алады. Алайда олармен сұхбаттасу мүмкін болмады.

Оксана Волкова-Михальская, әлеуметтік орталықтың директоры:

- Біз бүгінге дейін 13 адамға көмек көрсетіп, шығарып салдық. Бұлар – 3 отбасының өкілдері. Олар күйеулерімен татуласты. Орталық тек әйелдермен ғана жұмыс істемейді. Олардың жолдастарымен де келіссөздер жүргізіледі. Басты міндетіміз – келіншектерге уақытша көмек көрсетіп, отбасыларына оралуға жағдай жасау.

Осы категория бойынша: « «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 639 жоба кепілдендірілген Бас қалада алғаш рет тоқу фестивалі өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы