365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 286
  • UPD: 20:34, 14.08.2018

Қарағандыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды.

Жанұя жылулығымен татулығын, бірлігін, тәрбиесін айқындаған бәсекеге биыл 300-ге жуық отбасы қатысты. Бір отбасы спортқа жақын болса, бірі білім мен ғылымда ерекше көзге түсті. Ал көпшіліктің тағатсыздана күткен бас жүлдесіне Қарқаралының Ілімбаевтар отбасы лайық деп танылды. Ізгі жолы мен отбасы берекесін, бірлігін сақтап отырған әулет 19 бала тәрбиелеп, бүгінде немере, шөбере сүйіп отыр. Жеңімпаз жанұя қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға қатысады.

Әсем Ілімбаева, жеңімпаз жанұя мүшесі:

- Өте қуаныштымыз. Біз жеңіске жетуде барымызды салдық деп ойлаймын. Өз бірлігімізді бекем ұстадық.

Осы категория бойынша: « Қазақстан 2019 жылы 5G интернетке қол жеткізеді Қызылорда облысындағы құнды жәдігерлер жойылып кетуі мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы