364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МӘМС: Астаналықтар бір жылда 11 млрд теңгеден астам жарна аударды

  • 167
  • UPD: 21:16, 14.08.2018
МӘМС: Астаналықтар бір жылда 11 млрд теңгеден астам жарна аударды eGov

Астана қаласы бойынша міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 31 шілдесі аралығында жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардың жалпы сомасы 11,1 млрд астам теңгені құрады.

Бір жыл аралығында жалпы сома көлемі едәуір өскенін байқауға болады.

Жалпы республика бойынша Ұлттық банк шотында МӘМС үшін 88,9 млрд теңге жинақталды. Түскен қаражат жүйе іске қосылғанда МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалатын болады.

2018 жылдан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  ТМККК мен МӘМС пакеттерінің қаржы операторы ретінде медициналық қызметтерді тұрғындар үшін сатып алады.

«Қазіргі таңда қалалық филиал берілген қосымша қызмет көлемдерін орналастыру үшін медицина ұйымдарымен қосымша келісімшарттар бекітіп, төлемдерді аудару бойынша жұмыстарды атқарып жатыр» - дейді ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Жыл басынан бері ӘМСҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсететін медицина ұйымдарына 43 млрд теңге көлемінде төлем аударды. Бұл сома елорданың медицина ұйымдарымен бектілген келісімшарттар көлемінің 51%-дан астамын құрайды.  Барлығы Астана қаласының медицина қызметтерін жеткізушілермен 84,6 млрд теңге көлемінде 114 келісімшарт бекітілген.

Халыққа көрсетіліп жатқан медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету және пациенттер құқығын қорғау мақсатында қалалық филиалдың сарапшылары үнемі мониторинг жүргізіп отыратындығын атап кеткен жөн. Сонымен қатар астаналықтар да өздігінен ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған «МСҚ: Халықтық бақылау» мобильді қосымшасын қолдана алады. Қосымша арқылы Қор серіктес-ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы мен пациенттердің қанағаттану деңгейі жайлы қосымша мәлімет алып отырады, яғни азаматтармен кері байланыс орнатудың да бір түрі болып саналады. Бір айдан кейін елімізде емханаларға тіркеу науқаны басталатындықтан, мобильді қосымшаның көрсеткіштері тұрғындар үшін үздік емханалардың рейтингісін анықтауға зор үлесін қосатыны, әрине, сөзсіз.

Осы категория бойынша: « Исекешев екі мектеп пен бір балабақшаның жауапты тұлғаларына қатаң сөгіс берді Отандық мақсары майы Жапония нарығына шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы