365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық мақсары майы Жапония нарығына шықты

  • 245
  • UPD: 10:03, 15.08.2018

Жамбыл облысының Шу ауданындағы экологиялық таза мақсары майын шығаратын зауыт алғаш рет 37 тонннадан астам өнімін Жапонияға жөнелтті.

«Kazakh Export» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қарызды сақтандыру жолымен қолдау көрсетіп, кәсіпорынның сыртқы нарықты бағындырудағы әлеуетін арттыруға септігін тигізіп отыр.

«Kaz Ir Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы жылдың маусым айында Күншығыс еліне мақсары майын экспорттау туралы келісім шартқа отырған. Жапония елінің мамандары Қазақстанға арнайы келіп, өндірістің сапасын жіті қадағалап, тексеруден өткізді. Сондай-ақ сапалы әрі табиғи таза өнім шығаратын кәсіпорынға «Kazakh Export» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ екі 100 миллион теңге қарызды кепілдендіріп қолдау көрсеткен. Нәтижесінде зауыт өнімдерін экпортқа шығаруға қол жеткізді.

Хамидреза Алинагиян, «Kaz-Ir Agro» ЖШС бас директоры:

-Осы жылдың басында 400 тонна мақсары майын экспорттадық, біз Қазақэкспорт компаниясымен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Олар сенімді компания, біздің жобаны кепілдендіріп, екі жүз миллион теңгеге сақтандыру қорғанысын берді және өнімді шетелдік клиенттерге сатуға көмектесіп жатыр.

Зауыт бүгінде тәулігіне 3 тонна мақсары майын өндіруге қабілетті, қыркүйекте қуаттылығын екі есеге арттыру жоспарланған. Германиядан әкелінген қондырғылармен жабдықталған нысанда, 60 адам жұмыс істейді. Олар арнайы курстардан өтіп, техниканың тілін оңай тапқан

Талғат Омаров, «Kaz-Ir Agro» ЖШС аға операторы:

-Біздің мына істеп жатқан технологиямыз немістің технологиясы. Бірінші амофильтр деген фильтр тұр мына артымызда, сол фильтрден өтеді 1сағат, бірінші тазарту, екінші тазарту боп, бір жарым сағат сонда тазартылады.Содан кейін ар жағында екі кішкентай фильтрден өтіп, құю жүйесіне барады.

Зауыт салқындатылған сығу технологиясын қолдануымен ерекшеленеді. Бұл мақсары майының құрамындағы дәрумендер мен пайдалы элементтердің жойылмауы үшін таптырмас әдіс.

Қырмызы Жексенбек, Ахан Әбілхайыр, Бақытжан Бапаев

Осы категория бойынша: « МӘМС: Астаналықтар бір жылда 11 млрд теңгеден астам жарна аударды Алматыда ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы