365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық банктер алты ай ішінде 225 млрд теңге ипотекалық несие берген

  • 231
  • UPD: 22:33, 14.08.2018
Қазақстандық банктер алты ай ішінде 225 млрд теңге ипотекалық несие берген

Осы жылдың алғашқы алты айында қазақстандық банктер 225 миллиард теңге ипотекалық несие берген.

«Оның 140 миллиард теңгесі Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің еншісінде», - дейді аталған қаржы ұйымының Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. Мамандардың пікірінше, тақауда іске қосылған «7-20-25» бағдарламасы еліміздің ипотекалық нарығының дамуына өзіндік септігін тигізетін болады. «Қазірдің өзінде нәтиже бар», - дейді «Баспана» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков. Бүгінгі таңда «7-20-25» бағдарламасы бойынша Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 миллиард теңгеден астам сомаға өтініш түскен. Оның ішінде 10 миллиард теңге несие мақұлданды. Жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша ең көп пәтер алған Алматы тұрғындары екен. Одан кейінгі орындар астаналықтар мен ақтаулықтарға тиесілі.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біздің бағдарламаға сұраныс өте үлкен. Осы бір триллион теңге бес жылдың ішінде беріледі. Ол дегеніміз 100 мың қазақстандық өз үйіне алуға мүмкіндік алады.

Осы категория бойынша: « Елімізде биыл көмір бағасы жөн-жосықсыз қымбаттамайды Түпқарағанда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы