365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түпқарағанда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді

  • 188
  • UPD: 23:06, 14.08.2018

Маңғыстау өңіріндегі Түпқараған ауданында кәсіпкерлік саланың дамуы қарқынды.

Биыл Форт-Шевченко қаласының 33 тұрғыны кәсіп ашу курсын аяқтады. 17 адам бизнес-жобаларын сәтті қорғап шықты. Аудан тарихында тың бастама ұсынған 5 кәсіпкер 15 млн теңге несие алған. Заманауи үлгідегі наубайхана, асхана ашылуымен жаңа жұмыс орындары пайда болды. Ал Ақшұқыр елді мекенінде 67 адам қысқа мерзімде бизнес бастау негіздерін меңгерді. 2 азаматқа төмен пайызбен 8 млн теңге несие берілген. Мемлекет қолдауымен тасы өрге домалаған жеке кәсіп иелері кемі екі ауылдасын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Берік Жаңасов, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны:

Еш зат оңайлықпен келмейді, еңбекті талап етеді. Еңбектену керек және Үкіметтің қолдауының арқасында осындай жетістікке жетіп отырмыз. Болашақта үлкейтіп жатсақ, адам санын да әрдайым көбейтіп отырамыз. Күніне халық сұранысына қарай 500-550 нан шығады. Дүкендерге, сауда орындарына өзіміз жеткізіп береміз.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық банктер алты ай ішінде 225 млрд теңге ипотекалық несие берген Астаналық дәрігерлер ортопедиялық ауруларды операциясыз емдеуді үйреніп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы