367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда көпір апатынан қаза тапқандарды аза тұту жарияланды

  • 214
  • UPD: 11:38, 15.08.2018

Италияның солтүстігінде көпір құлады. Апаттан аман қалғандардың көбісі ауыр хәлде.

Үкімет 15-16 тамызды аза тұту күндері етіп жариялады. Қираған көпір астында құтақру жұмстары жалғасып жатыр.

Қираған көпірдің биіктігі 50 метр, ал опырылып құлаған бөлігінің ұзындығы 100 метр еді. Апат кезінде көпір үстімен 35-ге жуық жеңіл көлік пен 3 жүк көлігі келе жатыпты. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде жаңбыр жауып, қатты жел соққан. Ал көпір құлағанда дәл сол тұсқа жай түскен. Алдын-ала мәліметтер бойынша апатқа жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себеп болған.

Юрген Генуя, қаласының тұрғыны:

- Сол кезде үйде болып, жер сілкінгенін сездім. Өте қорқынышты болды. Әкемнен не болды деп сұрап едім. Ол көпір қирады, үйден шықпайық деді. Дереу анама телефон шалып, оның хал-жағдайын білдім. 10 минуттан кейін шешем маған өзі телефонмен хабарласып, дереу пәтерден кету керектігін айтқан.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған арасында дәрігрлер мен кинологтары бар, 200-ден астам маман қатысуда. Тікұшақтар мен ауыр техника да жұмылдырылған.  Құтқарушылар ауыр бетон тақталары астында апаттан аман қалған адамдарды іздестіріп жүр. Үйінділер астында нақты қанша адам қалғаны әзірше белгісіз. Кей мәлімет бойынша 10 адам із-түссіз жоғалып кеткен. 

Джузеппе Конте, Италия премьер-министрі:

- Құрбандар саны әлі де өсетін түрі бар. Бұл көпір 1967 жылы салынған. Өз тұсындағы ең бір күрделі құрылыс еді, және архитектуралық тұрғыдан да тартымды болды.  Осы апатқа не себеп болғанын білу үшін сот орындарымен бірлесіп, қажетті тексерулер жүргізуіміз керек. Бұл болашақта осындай апаттардың алдын алу үшін де қажет. 

Көпірдің қалған бөліктерінің де қирауы мүмкін екені ескеріліп, жақын маңдағы үйлер мен мейманханалар тұрғындары көшірілді. Көлік қозғалысы мұлдем тоқтатылды. Құтқару жұмыстары ұзаққа созылатын түрі бар.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Осы категория бойынша: « Атырауда «7-20-25» бойынша он отбасы баспаналы болды Елордада көмекке зәру аналарға тігін машинасы тарту етілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы