374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында биыл 200 кооператив құрылды

  • 186
  • UPD: 15:31, 15.08.2018
Ақтөбе облысында биыл 200 кооператив құрылды

Өткен жылы Ақтөбе облысында 72 ауыл шаруашылығы коопреативі құрылса, биыл ұжымдасқандардың саны 200-ге жуықтады.

Оның жартысынан көбі ет өндірумен айналысса, 16 кооператив бау-бақша шаруашылығын қолға алды. Кооперативтің көбеюі ірі тауарөндірушілерге де тиімді болып отыр. Ет, сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар шикізатты әр қожалықтан жинап жүрмей, кооперативпен келісіп, бір жерден алады. Одан бөлек өңірде дәстүрлі емес шаруашылықтар кооперативке біріге бастады. Ара мен құс шаруашылықтары жыл басынан бері 37 тонна өнім өндірген. Ұжымдасқандарды қолдаудың мемлекеттік механизмі бойынша, техника сатып алуға жеңілдіктер қарастырылған. Кооперативтер шығаратын өнімдерді субсидиялауға биыл 110 млн теңге бөлінді.

Нұржау Тұрғамбеков, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Оның ішінде мына 21 млн теңге сүт қабылдау пункттеріне құрал-жабдықтар алуға, 24 млн теңге жайылымдық жерлерді суландыру бойынша, 63 млн жаңа техника алу бойынша субсидия төленді. Бұл жұмыстар жыл бойы жүреді. Мына, ауылшаруашылығы кооперативтерінің қажеттілігіне байланысты, субсидия төленетін болады.

Осы категория бойынша: « Бас прокуратура көмір бағасының өсу себебін тексереді Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы