368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балалар иппотерапия арқылы емделуде

  • 122
  • UPD: 19:27, 15.08.2018
Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балалар иппотерапия арқылы емделуде

Қарағанды қаласының иппотерапевт мамандары мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек қолын созып отыр.

Бүгінде ат клубында церебралды сал ауруына шалдыққан 12 бала ем қабылдайды. Жалпы өңірде иппотерапия өткен жылдан бері қолданылып келеді. Оның әр сеансы 40 минутқа жалғасады. Жергілікті мамандар иппотерапиялық емдеу әдісін былтыр өскемендік әріптестерінен үйренген. «Мемлекет өз қамқорлығына алғалы бері жағдай да біршама жақсарды», - дейді мамандар. Биылдың өзінде, Қарағанды қаласы бойынша 4 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражат 10-нан астам бүлдіршінді сауықтыруға жұмсалады.

Бақытнұр Тәліпова, қалалық жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары:

- 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап бірінші рет Қарағанды қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларды осындай иппотерапиямен қамтамасыз етіп жатырмыз. Бізде қазір бұл 12 баладан бөлек, 10-ға жуық бала кезекте тұр. Әрдайым оларға қол ұшын беруге дайынбыз. Қосымша қаражат та бөлінеді. Тек кейбір балаларды мұнда әкелгісі келмейтін ата-аналар да кездесіп жатады. Десе де, аздаған уақытта нәтиже көріп, қуанып жатқан ата-аналар да баршылық.

Осы категория бойынша: « Оралда өрт қауіпсіздігін сақтамаған 15 сауда орталығы жабылады Дене шынықтыру пәні нағыз сананы жаңғыртатын құралға айналуы керек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы