374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дене шынықтыру пәні нағыз сананы жаңғыртатын құралға айналуы керек

  • 550
  • UPD: 19:10, 15.08.2018

Дене шынықтыру бұдан былай жай жаттығулар жасайтын пән емес, нағыз сананы жаңғыртатын құралға айналуы керек.

Бұл мәселе бүгін Тамыз кеңесі аясындағы арнайы секцияда тақыланды. Яғни еліміздің барлық өңірінен жиналған сала мамандары осы бағыттағы жұмысты жетілдіру және жаңашылдықтар енгізу тетіктерін қарастырды. Әсіресе, дене шынықтыруда әртүрлі спорт түрлерін емес, нақты бір спортты ғана насихаттау жайында айтылды. Бұл тәжірибе шетелде кеңінен қолданылады. Ал Қазақстанда өткен жылы 8 облыста пилоттық жоба ретінде енгізіліп көрді және ол ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже де берген. Енді мамандар бұл әлдістемені жаппай қолданысқа енгізуді көздеп отыр.

Садық Мұстафаев, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры:

Осы дене шынықтыру мұғалімдерін, аймақтық орталықтар басшыларын, методистерді жинап, сол кісілерден сұрадық қаншалықты тиімді екенін. Оқушылардың өте қызыға тартылғанын байқадық. Енді ұсыныс беріп, бүкіл Қазақстанда 1-11 сыныптар арасында әр облыстан 30 мектептен алып, үшінші сабақ футбол сабағын өткізіп бастаймыз.

Осы категория бойынша: « Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балалар иппотерапия арқылы емделуде Алакөлдің туристік әлеуеті зор »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы