365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында EXPO жобалары сәтті жүзеге асып жатыр

  • 196
  • UPD: 21:00, 15.08.2018
Маңғыстау облысында EXPO жобалары сәтті жүзеге асып жатыр

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында да EXPO жобалары сәтті жүзеге асып жатыр. Ақшұқыр ауылында қуаты 5 мегаваттық жел электр станциясы қолданысқа берілмек.

43,6 мВт тоқ өндіретін тағы бір нысан аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында келер жылы ашылады. Мұнан соң жергілікті энергия тарату мекемесіне жүктеме азайып, тариф төмендеуі тиіс.

Талғат Исламұлы, Twitter@Talkin_84:

Ақшұқыр ауылының шетінде орналасқан 3 автономды құрылғы қалақтары желдің соғу бағытына қарай батыс пен шығысқа және солтүстікке қарап тұр. EXPO жобасын қысқа мерзімде жүзеге асырған кәсіпкердің айтуынша, мұнда таяуда тестілеу жұмыстары жүргізіледі. Дәлірек айтсақ, Маңғыстау энергия тарату мекемесінен тоқ беріліп, «ақылды» технология іске қосылады. Мұнан соң оның қызметі ешқашан тоқтамайды.

Баламалы қуат көзін өндіретін құрылғылар биіктігі 68 және 100 метр. Соңғысы тәулігіне 2, қалғаны 1,5 мВт тоқ өндіреді. Бұл қала іргесіндегі ауылды энергиямен толық қамтуға жеткілікті. Ақылды технология бөлшектері қазақ жеріне Германиядан Ресей арқылы жүк көліктерімен жеткізілді. Бар-жоғы 7 айда құрастырылды. Құны 1 млрд теңгеден асатын жоба осы қыркүйекте іске қосылмақ.

Марат Үкібаев, мердігер мекеме өкілі:

Серіктестеріміз - Ресей, Америка компаниялары. Ақшұқырдың шет жағынан әлі де 15-ін қою жоспарда бар. Бұйыртса, 20 мегаваттай тоқ беретін болады. Әуежайға, Сайынға, Ақтаудың шет жақтарына береді. Осы 3 құрылғы Елбасы айтып жүрген EXPO жобалары, халыққа тиімділігі тарифті төмендетіп берілуі.

Ақшұқырлықтар электр қуатының бір киловатына 20 теңгеден төлеп отыр. Үй салу қарқынды жүріп, солтүстік бағытта ұлғайып келе жатқан ауылдың кей бөлігінде тәуліктеп жарық өшіп те қалады. Инновациялық жоба биыл іске қосылса, тұрғындар осы мәселенің түбегейлі шешілеріне сенеді.

Тәжмағанбет Кезбайұлы, Ақшұқыр ауылының тұрғыны:

- Үлкен қуанышта тұрмыз. Себебі бізге электр энергиясының үлкен қоры осы орыннан беріледі және оның бағалары бұрынғыға қарағанда тіпті арзан болып, қолдануға толықтай келетін жеңілдіктер болуы мүмкін.

Құны 60 млн долларлық келесі жоба құрылысы Форт-Шевченко қаласында осы тамызда басталады. Қала маңындағы 375 гектар жерде салу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын.

Жексен Айжарық, мердігер компания өкілі:

- Осы Форт-Шевченко, Аташ, Баутино барлығы толықтай қамтамасыз етіледі. Бұл шетелмен бірлескен жоба. Инвестор қаражатымен салынады. 15 жылдан соң өз шығынын ақтағаннан кейін бұл жоба осы аймақта қалады.

Форт-Шевченко қаласында 7 мыңнан аса халық тұрады. Оған іргелес екі елді мекен аумағы жыл санап кеңейіп келеді. Яғни электр қуатына сұраныс жоғары. Құрылысы үш кезеңнен тұратын жоба келер жылы аяқталса, энергия тапшылығы жойылуы тиіс.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев, Мирас Нарымбет

Осы категория бойынша: « Алакөлдің туристік әлеуеті зор Алматыдағы полигонда жарақат алған әскерилердің өміріне қауіп жоқ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы