368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы полигонда жарақат алған әскерилердің өміріне қауіп жоқ

  • 189
  • UPD: 22:38, 15.08.2018

Алматы облысындағы полигонда белгісіз заттың жарылуынан зардап шеккен әскерилерге таңғы сағат беске дейін операция жасалды.

Қазір олардың денсаулығы қалыпты. Бұл туралы Алматыдағы әскери клиникалық госпитальдің дәрігерлері хабарлады. Жарақат алған тоғыз адамның алтауы келісімшарт бойынша қызметін өтеп жүрген болса, үшеуі – қатардағы жауынгер. Оқыс жағдай кеше Қапшағай қаласына жақын маңдағы «Қазақстан» оқу-жаттығу полигонында болған. Кіші сержант Мадияр Ахметовтің айтуынша, жарылыс оқу-жаттығуға арналған нысананы жерге қағып жатқан сәтте болған. «Суыт хабарды естіртуге ол жерде байланыс болмады», - дейді ол. Сондықтан екі аяғының жарақатына қарамастан, Камазды тізгіндеген Мадияр Ахметов үш шақырым жерде орналасқан штабқа келіп, лагерлік жиын қолбасшылығына мән-жайды баяндаған. Соның нәтижесінде өзге жаралыларға далалық жағдайда жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Мадияр Ахметов, кіші сержант:

Денсаулығым жақсы. Аман-есен. Жазғы лагерь кезінде, біз мишень қойып, ағашты жерге қағып жатқан кезімізде бір нәрсе жарылды жерден. Екім аяғым жаралы болса да КамАЗ-ға отырып барып, лагерьга барып, лагерьдан көмек сұрап әкеп болған оқиға жерін көрсетіп, сөйтіп жүрген кезде өзім де қансырап талып қалыппын.

Абдуали Палтушев, әскери клиникалық госпитальдің бөлімше басшысы:

- Кешкі сағат тоғыздарда бізге хабар келді. Ести сала санитарлық тікұшақпен оқиға болған жерге жеттік. Қазір науқастар реанимация бөлімінде жатыр. Барлығының да денсаулығы қалыпты. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Негізінен аяқтарының тізеден төменгі бөліктері зақымданған. Қазір тиісті емнің барлығын алып жатыр.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында EXPO жобалары сәтті жүзеге асып жатыр Денсаулық сақтау саласы жемқорлықпен күресті барынша күшейтпек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы