365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Наурызым ауданында EXPO-ның 6 жобасы қолданысқа енген

  • 170
  • UPD: 23:14, 15.08.2018

Қостанай облысының Науырызым ауданында EXPO жобалары сәтті жүзеге асып жатыр.

Қазір бұл елді мекенде 6 жоба қолданысқа енген. Инновациялық бастамалардың бірі – гибридті жел электр станциясы. Баламалы қуат көзі аудан орталығындағы саябақты жарықтандырып тұр.

Кеш түсте Қарамеңді ауылындағы саябақта озық үлгідегі жарық түсіргіш құралдар іске қосылды. Бас-аяғы 94 жарықдиодты шамдар гибридті жел электр станциясынан қуат алады. Мұндағы 16 күн панелі мен жел генераторы тәулігіне 5 мВт энергия өндіреді. Ақылды технологияны қолданысқа қосуға аудан бюджетінен 4 миллиондай қаржы жұмсалған.

Мырзахан Сейітжанов, Қарамеңді ауылдық округінің әкімі:

Жел электр станциясының саябақты бір тәулікте өндіретін энергия қуаты 16-18 сағат жарықтандыруға жеткілікті.

Тағы бір жел генераторы Науырызым табиғи қорығында тұр. Баламалы қуат көзі электр өндіруге кететін шығынды екі есеге азайтқан. Инновациялық құралдарды жергілікті фермерлер де пайдаланып отыр. Аудандағы төрт жеке шаруа қожалығы күннен энергия алатын батареяларды қолданады.

Жолдас Анаев, Науырызым аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөл імінің басшысы:

- Жеке шаруа қожалықтары елдімекендерден қашық орналасқан. Екі ортаға электр желілерін тарту қымбатқа түседі. Осы себепті егіншілер бригадалары  баламалы қуат көздерін пайдаланып, игілігін көріп отыр.

Жыл соңына дейін осы ауданда тағы екі жобаны іске қосу жоспарланған. Алдымен Қарамеңді ауылына гаджеттерді қуаттауға болатын смарт-орындықтар қойылады. Мұнан соң орталық алаңға күн батареяларынан жарықтанатын көше шамдары орнатылады.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Сергей Трахтенберг

Осы категория бойынша: « Денсаулық сақтау саласы жемқорлықпен күресті барынша күшейтпек Үкіметте өткен кеңесте Астана құрылысының кешенді жоспары қаралды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы