374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да кәсіпкер жұмысшыларға тегін баспана салып берді

  • 166
  • UPD: 08:25, 16.08.2018

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мерген ауылында жаңадан үйлер тұрғызыла бастады.

Жергілікті кәсіпкердің бірі оларды қарауындағы жұмысшыларына тегін салып берген. Мәселен, былтыр 4 отбасы баспаналы болса, алдағы уақытта тағы бесеуі пайдалануға берілмекші.

Мерген ауылының тұрғыны Ирина Торбунова қалалықтардан кем тұрмайды. Ыстық суы үйде, ал баспанасы қыста электр желісі арқылы жылытылады. Жаңа үйге отбасы өткен жылы қоныстанған.

Денис Торбунов, Мерген ауылының тұрғыны:

- Үйдің кілтін бізге сабантой мерекесінде табыстады. Өзіміз сенбей қалдық. Отбасымыз үшін тосынсый болды. Қазір тұрмысымыз жақсы. Бастысы, ауылда тұрсақ та тұрақты табысымыз бар.

Бұл үйлерді шаруашылық жетекшісі Виктор Окунев өз қаражатына тұрғызған. Былтыр еңбегімен көзге түскен төрт азамат баспаналы болды. Енді тағы бесеуінің құрылысы басталды.

Виктор Окунев, шаруа қожалығының басшысы:

- Баспаналы болған азаматтар ешқандай жалға алу ақысын төлемейді. Барлығы тегін. Тек жұмысына адал болса болғаны. Және де бұл кісілер біздің қожалықтар зейнетке шықса не болмаса ауырып қалса, үйді оларға сыйға береміз.

Айта кету қажет, Виктор Окунев мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де айналысады. Қыстың қамына кіріскен шаруа шабындыққа шалғы түсіріп, қазір мал азығын дайындап жатыр. Болашақта мал басын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл қосымша тағы бірнеше жұмыс орны ашылады деген сөз.

Сергей Окунев, шаруа қожалығы басшысының орынбасары:

- 2014 жылдан бастап мал өсіре бастадық. Мемлекет бұл бағытта бізге үлкен қолдау көрсетті. Бүгінде қожалығымызда 800-ден астам етті әрі сүтті бағыттағы ірі қара бар. Енді оның санын 1,5 мыңға жеткізу мақсатымыз бар.

Фермер ауылдың әлеуметтік жағдайын да назардан тыс қалдырған емес. Жеке қаражатына көшелерге жарық орнатқан.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында жерасты суының көтерілуінен 500-ге жуық үй зардап шекті Алматыдағы «Саяхат» базары сүріле бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы