365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде енді болашақ кәсіпкерлер мектеп қабырғасынан дайындалады

  • 176
  • UPD: 08:23, 16.08.2018
Елімізде енді болашақ кәсіпкерлер мектеп қабырғасынан дайындалады

Келер оқу жылынан бастап жоғары сынып оқушылары бизнестің алғышарттарын үйренеді.

Мәселен, қай салада қандай іс ашу керектігін меңгереді. Айта кетейік, олар бұл пәнді ерікті түрде таңдау мүмкіндігіне ие. Себебі, сабақтар элективті түрде жүргізіледі. Сондай-ақ басым бөлігі тәжірибе жүзінде өтіп, бизнес ұғымдарының астары түсіндіріледі. Қазірдің өзінде Білім және ғылым министрлігі кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мұғалімдер үшін тренингтер ұйымдастыруды бастап кетті.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Келесі 2019-2020 оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептерінде «Кәсіпкерлік негіздері» атты жаңа пән енгізілгелі жатыр. Жалпы, биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап пән бойынша бағдарлама, оқулық апробациядан өтеді деп жоспарлаудамыз.

Осы категория бойынша: « Бірқатар мемлекеттік мекеме Түркістанға ауысты Ақмола облысында 119 робототехника кабинеті бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы