365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 119 робототехника кабинеті бар

  • 287
  • UPD: 08:26, 16.08.2018
Ақмола облысында 119 робототехника кабинеті бар

Ақмола облысында 2 мыңнан астам бала құлтемір құрастырумен шұғылданады.

Бүгінде аймақта 119 робототехника кабинеті бар. Өңірде қазір тың технологияға қызығатын оқушылар да, оларға қажетті орындар да көбейіп келеді. Мәселен, жақында ғана өндірістік Степногор қаласынан 3D жобалау және робототехника кабинеті ашылды. Енді жаңа оқу жылынан бастап мұнда 100 бала құлтемір құрастырудың қыр-сырын меңгере алады. Қазірдің өзінде үйірмеге келіп жүрген оқушылардың жетістіктері жаман емес. Жергілікті балалар, әсіресе, өндіріске қажетті, өлкеге пайдасы тиетін құлтемір құрастырғылары келеді.

Владимир Аксенов, робототехника нұсқаушысы:

- Бұл балаларға қызық. Оларға бізде еркіндік беріледі. Өз қалауы бойынша робот құрастырады. Арманымыз – өндіріске де, қала тұрғындарына да пайдалы болатын құлтемір шығару. Кейбір жобаларымыз да дайын. Енді соларды іске асыру керек.

Осы категория бойынша: « Елімізде енді болашақ кәсіпкерлер мектеп қабырғасынан дайындалады ШҚО-да 450-ге жуық мектеп түлегі облыс бюджеті есебінен гранттарға ие болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы