365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 450-ге жуық мектеп түлегі облыс бюджеті есебінен гранттарға ие болды

  • 165
  • UPD: 08:31, 16.08.2018
ШҚО-да 450-ге жуық мектеп түлегі облыс бюджеті есебінен гранттарға ие болды

Шығыс Қазақстан облысында биыл 3409 түлек грантқа ие болса, енді оның саны 3855-ке жетті.

Өйткені 450-ге жуық мектеп түлегі облыс бюджеті есебінен тегін жоғары білім алатын болды. Бүгін облыс орталығында грантты бөлуге байланысты комиссия өз жұмысын аяқтады. Тегін жоғары білім алуға мүмкіндік беруде еңбек нарығындағы сұраныс ескерілген. Мәселен, дәл қазір өңірде медицина және педагогика мамандары тапшы. Бұған қоса мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ядрошы-физиктерді, металлургтер мен археологтарды дайындауға да ден қойылып отыр. Аталған бағдарлама бойынша 46 түлектің бағы жанды.

Айта кету керек, техникалық бағытты таңдаған түлектердің көпшілігі республикалық грантқа іліккендіктен, облыстық гранттан 125 орын бос қалды. Алайда комиссия отырысында бұл бос орындар оңтайлы шешімін тапты.

Ришат Рамазанов, облыстық комиссия мүшесі:

- 125 орынды комиссияның отырысында қайта қарастырып, неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша бөлдік. Соның нәтижесінде медицинаға екі есе, ветеринария мамандығы бойынша екі есе, педагогикалық мамандықтарға жақсы қосылды. Соның нәтижесінде 400 орын сол күйі сақталды.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында 119 робототехника кабинеті бар Қызылордада үшем дүниеге келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы