374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада үшем дүниеге келді

  • 387
  • UPD: 09:11, 16.08.2018
Қызылордада үшем дүниеге келді

Қызылорданың 33 жастағы тұрғыны өмірге үшем əкелді.

Сәбилерге Айлина, Жасмина және Медина есімдері берілді. Анасы айы-күніне жетпей босанса да, бір жарым келіден сәл асып туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Ана мен бала орталығының қызметкерлері бүгін үшемдерді отбасына шығарып салды. Оларды үйінде әпкесі мен ағасы күтіп отыр. Үшемдерге қала басшылығы көңіл бөліп, бүлдіршіндер қоларбасын сыйға тартты. Жалпы, жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 5 мыңдай сәби дүниеге келді. Оның 16-сы егіз. Медициналық ұйым мамандары тағы үшемге жүкті қала тұрғынын аман-есен босандырып алуға күш салып жатыр. Ал сырбойылық отбасыны қуанышқа бөлеген Айлина, Жасмина мен Медина әрі қарай да дәрігерлер назарында болады.  

Ләззат Сапарбаева, Ана мен бала орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Нәрестелер 33 апталығында дүниеге келген. Анасына бөлім дәрігерлері, мейірбикелер мен босандырған акушерлер дүниеге келген нәрестелерге қалай көмек көрсету керек, әрі қарай қандай шаралар жүргізілетіндігі туралы түсіндіріп айтты.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да 450-ге жуық мектеп түлегі облыс бюджеті есебінен гранттарға ие болды Шымкенттегі Бадам су қоймасында қыз бала құтқарылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы