374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемен қаласының әкімі орнын босатты

  • 184
  • UPD: 17:59, 16.08.2018

Жуық арада Шығыс Қазақстан облысының орталығына жаңа әкім тағайындалады.

Облыстық әкімдік мәліметінше, Өскеменді осыған дейін басқарып келген Қуат Тұмабаев аймақ басшысы Д.Ахметовтің қойған талабына сай, өз еркімен жұмыстан кетуге арыз берген.

Айта кетсек, Тұмабаевтың басы көптен бері дауға іліккен болатын. Биыл 15 сәуірде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы риддерлік азаматты көлігімен қағып мерт қылған кезде, оның қасында Қуат Тұмабаев та болған. Бірақ ол бұл оқиғада тек куәгер деп танылды. Өңір басшысының пікірінше, бұндай қоғам назарын аударған келеңсіз жайдан соң қала басшысының өз қызметінде қалуы орынсыз.

Авторы: Э.Ахметова

Осы категория бойынша: « Қазақстаннан қажылыққа 3 мың адам аттанды Ақтөбе облысында той үстінде оқ атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы