364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда екпе алмаған 30 бала А гепатитін жұқтырған

  • 174
  • UPD: 14:54, 16.08.2018
Алматыда екпе алмаған 30 бала А гепатитін жұқтырған mirmam.pro

Алматыда екпе алмаған 30 бала сарыаурудың А түріне шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған баспасөз брифингі барысында белгілі болды.

«Алматыда екпеден бас тартатын ата-аналар өте көп. Екпе алмаған балалардың арасында ауыратындар жиі кездеседі. Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықта вирусты гепатитті 30 бала жұқтырған. Олардың барлығы екпе алмағандар», – деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Жалпы алғанда, 2-ге толмаған баласы бар ата-аналардың арасында екпеден бас тарту жиілеп келеді. Маманның айтуынша, қалада 55 көкжөтел ауруы тіркелген. Ауырғандардың 82%-ы екпеден бас тартқандар.

Осы категория бойынша: « Ақмолалық талапкерлерге облыстық әкімдіктен қосымша 150 грант бөлінді Елімізде 4500-ден астам бала жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы