365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі IT-сыныптардың саны биыл 250-ге жетеді

  • 222
  • UPD: 21:48, 16.08.2018

Биыл еліміздегі ай-ти орталықтардың саны 20-ға, ал ай-ти сыныптардың қатары 250-ге жетуі тиіс.

Бір ғана Астананың өзінде жыл соңына дейін 73 ай-ти сынып ашылмақ. Осылайша 4 жарым мыңнан астам оқушы жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік алады. Бұл туралы Астана қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Жалпы «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қандай үлес қосып жатыр?

Партияның бірінші орынбасары бас сұққан алғашқы нысан Көлік және коммуникация колледжі. Оқу орны 1945 жылы құрылған. Темір жол саласына мамандар даярлайды. Заман үдерісінен кейіндеп қалған жері жоқ. Үздіксіз жаңарып отырды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ай-ти орталықтың бірі осы колледждің ғимаратында орналасқан. Мұнда студенттермен қатар қарапайым тұрғындар да келіп ақысыз негізде цифрлық технологиялар бойынша білімін жетілдіре алады.

Зұлфухар Гаипов, Көлік және коммуникация колледжінің директоры:

- Бұнің елдің экономикасына беретін пайдасы өте үлкен. Дәл осы біздің колледждің базасында  мың адам биыл осы жергілікті халық цифрландыруға білім алып шықты. Олар қізіргі компютермен негізгі жұмыс жасаудың мысалға Е-говқа кіріп кез-келген анықтаманы алу үшін арнайы барып кезекке тұрудың қажеті жоқ. Оны үйде тұрып істеуге болады. Осы негізгі ази дейді ғой негізгі функцияларын біз үйретіп шықтық. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары:

- Жалпы енді бүгінгі күні біз жүзден астам ай-ти сыныпты аштық. Осы жылдың аяғына дейін 250 ай-ти сыныпты ашуды жоспарлап отырмыз. Жалпы алдымызда бір-екі жылдың ішінде мың ай-ти  сыныпты ашатын боламыз. Жастарды бағдарламалауға тартатын болсақ, балалардың ойлау жүйесін дамытуға бір әсер тигізеді екен.  Өздерінің креативті адам болып тәрбиеленуіне де үлкен үлес қосады деп мамандар айтуда. Сондықтан 21-ғасырдың мамандықтарына балаларды тартуға, сол мамандықтардың негізін үйретуге партия өзінің үлесін қосуда. Бұл үлкен жұмыс Елбасының тапсырмасы бойынша Цифрлы қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 

Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының тікелей тапсырмасын орындау мақсатында саяси ұйым 20 жобаны қолға алды. Олардың қатарында «Цифрлық Қазақстан», «Рухани жаңғыру» секілді мемлекеттік бағдарламаларды іс ке асыру қарастырылған. Соның негізінде кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құру ісі жанданды. Мәселен, Астана қаласындағы нөмірі 5-ші кітапхана жаңаша үлгімен жабдықталған. Мұнда электронды технологиялар кеңінен енгізіліп, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалды. Кітапхана ұжымымен тілдескен Мәулен Әшімбаев жастарды ғылым-білімге бейімдеу заман талабы екенін айтты.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары:

- Қолымызда бар ақпаратқа сүйенсек бүігінде елімізде 12 мың кітапхана бар. Бірақ олардың барлығында жағдай жақсы деп айта алмаймыз. Оның үстіне кітапханашылардың еңбекақысы да, бұл салаға бөлінген қаржы да өте аз екені ешкімге жасырын емес. Сондықтан біз бұл мәселені көтеру арқылы кітапханаларды жаңаша үлгіде жабдықтауға ниеттіміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін халқымыздың сауаттылығы артып, кітап оқу мәдениеті қалыптасуы керек. 

Айта кету керек, «Нұр Отан» париясының жобасы аясында елордадағы 18 кітапхана мен Республикалық Ұлттық Академиялық кітапхана өзара меморандумға қол қойды. Нәтижесінде бірыңғай онлайн кітапхана жүйесі қалыптасып, еліміздегі барлық кітап қоры электронды форматқа көшіріліп жатыр. Яғни болашақта оқырмандардың іздеген кітабын тез әрі оңай табуына мүмкіндік туады.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Асхат Қарақойшиев

Осы категория бойынша: « Қылмыстық істерді электронды жүйеге көшіруден еліміз ТМД-да бірінші орында тұр Биыл елімізде көмірден тапшылық болмайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы