374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізде көмірден тапшылық болмайды

  • 379
  • UPD: 22:03, 16.08.2018

Биыл көмірден тапшылық болмайды әрі отынның бағасы тоннасына 10-16 мыңнан аспауы тиіс.

Ал тапшылықты қолдан жасап, пайда көрем дегендердің ісін бас прокуратура қолға алады.  Индустрия және даму министрлігінің өкілдері осылай дейді. Қазір өңірлердің 70 пайызы көмірмен қамтылған. Тек күннің ыстығына байланысты Қызылорда облысына жеткізу мерзімі кейінге шегерілді.

Тимур Нұрашев, ҚР ИДМ комитеті басшысының орынбасары:

- Жергілікті атқарушы органдардан біз апта сайын мәлімет алып отырамыз. Қанша көмір теміржол тұйығында тұр, бағасы қанша екенін назарда ұстаймыз. Бүгінгі таңда баға 10-16 мың шамасында. Отынның құны өндіріс көлеміне, жол және жеткізу шығындарына байланысты құрылады.  қазіргі таңда көмірдің 91 пайызы Қазақстан темір жолы желісі арқылы жеткізіледі. Ал вагондарды біз қамтамасыз еттік.

Жиында индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті осы жылдың 7 айының қорытындысын да жариялады. Есеп бойынша өнеркәсіп өндірісі 5,1 пайызға артқан. Қара металлургия бойынша өсім 4,8 пайыз, ал мыс, алтын, алюминий өндірісінің артуына байланысты түсті металлургия 2,8 пайызды құрады. Машина жасау саласында да оң үрдіс бар. Өсім 16 пайыз. Ең төмен көрсеткіш жеңіл өнеркәсіпте. Мұндағы өсім бар болғаны 1 жарым пайыз.

Осы категория бойынша: « Еліміздегі IT-сыныптардың саны биыл 250-ге жетеді Оралдағы үйлерге ыстық су беріле бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы