365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы үйлерге ыстық су беріле бастады

  • 142
  • UPD: 23:54, 16.08.2018
Оралдағы үйлерге ыстық су беріле бастады

Орал қаласында жарты ай үзілістен кейін тұрғын үйлерге қайтадан ыстық су беріле бастады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, шаһардың жылу электр орталығына тамыздың бірінен бастап газ жеткізу тоқтатылған еді. Оған аталған кәсіпорынның көгілдір отын үшін  қордаланған қарызы себеп болған. Бүгін «Жайықжылуқуат» мекемесі «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ-ына 290 миллион теңге бережақ. Облыс әкімдігімен арадағы келіссөзден кейін   монополист мекеме ымыраға келгендей. Дегенмен, мамандар мұндай күрделі жағдайдың келешекте тағы қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сол себепті оралдықтардың ыстық суға төлемдерін тездетуін сұрайды.

Мұрат Бәйменов, «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры:

- Тұрғындардың берешенгі 400 млн теңгені құрап отыр. 67 мың абонент болса, соның 10 пайыз ақшасын төлемейді. Қалған 90 пайыз уақтылы төлейтін тұрғындарымыз. Солардың кесірінен осындай жағдайға ұшырап отыр. Ыстық су жоқ жазғы уақытта. Сол себептен осы жұмыстарымыз, әрі қарай жүргізіледі.

Осы категория бойынша: « Биыл елімізде көмірден тапшылық болмайды Түркістанда заңсыз сауда орындары сүріліп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы